В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
DanilVolkov95
DanilVolkov95
17.08.2022 09:15 •  Қазақ тiлi

Жыгытты жолдасына карап багала такырыбына эссе жазыа бериниздерш

Ответ:
Pomochnik1vsegda
Pomochnik1vsegda
16.08.2020 14:47

Эссе

Жігітті жолдасына қарап бағала.

"Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам" дегендей,доссыз адамдар өз өмірлерін елестете алмаушы еді.Ойлап қараңыз, сіздің досыңыз жоқ.Кімге мұң-зарыңды айтасың?Кіммен қуанышыңды бөлісесің?Кімнен ақыл мен көмек сұрап,уақыт өткізесің?Көрдіңіз бе,достарсыз өмір жұпыны.

Арадағы достықта ең бастысы - адалдық.Сатқындық - ол көп кешіріле бермейтін нәрсе.Жолдасы көптің – олжасы көп.Ия,бірақ көп жолдастың бәрі адал ма?Адал достан басқа,амал дос та бар екенін ұмытпайық.Ондай достар өз қара басы үшін өзгелермен достасады.Олар сені өзімен бірге

тұңғиыққа батырады."Жігіт жолдасынан белгілі" деп бекер айтпаған ғой дана халқымыз.Жаныңдағы достарыңа қара.Олар адал ма?Сен оларға сай келесің бе?Араларыңда шынайы достық па?Осы сұрақтарға жауап беріп қана,адал дос пен амал досты ажырата аласың.Өзгелер сені өзіңе қарап емес,маңайындағы досыңа қарап бағалайды.

Әлемде досы үшін жанын қиып,досы үшін күні-түні дамылдамай жүргендер бар.Нағыз достар,менің ойымша,бір-бірін жақсы біледі,қателіктеріне көрсетіп отырады,қиындықта жанынан табылып,қуанышта саған ортақтасып,өз адалдығын көрсетеді.Мұхтар Шаханов:

Ер жігіттің ел сенер

Сенім — атасы.

Достықпенен өлшенер

Ұлттың сапасы,-дегендей,достық ол болмашы нәрсе емес,ол әлдеқайда үлкен ұғым.Жанымыздағы шын достарымызды бағалай білейік!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?