В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
malia20092004
malia20092004
16.01.2020 14:50 •  Қазақ тiлi

Қазақстан достық пен ынтымақ елі сочинение

Ответ:
nikakrasovska
nikakrasovska
07.09.2020 18:10
АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясы бүкіл қазақстандықтарды Қазақстан халқынің бірлігі күнімен құттықтайды. Құрметті отандастар !
Әр жыл сайын мамыражай мамырдың бірінші күні біз айрықша ықыласпен – Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеміз.
Биылғы жылғы 1 мамыр өзіндік ерекшелікке ие. Біз қоғамдық келісім мен ұлттық бірлігімізді бекемдей түскен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясын өткіздік.
1 мамыр – бұл әрқашан халқымыздың бірлігін паш ететін, қоғамдық келісім кемеліне жетіп, елдің бірлігі жарасып, ынтымағы ұйысатын күн.
Қазақстан халқының бірлігі мерекесі – Отанымызға деген сүйіспеншіліктің, қазақстандық патриотизмнің жарқын көрінісі. Бұл күні Отанға адалдық, елге жанашырлық, азаматтық парыз асқақтай түседі.
Бүгінде достық, сенім, ынтымақ, бірлік ұғымдары этносына, діни сеніміне қарамастан барлық азаматтар үшін айнымас берік ұстанымдарға айналды. Қоғамдық келісім мен мәдени және тілдік әр алуандық біздің өсіп-өркендеуіміздің негізіне, басты байлығымызға, ортақ игілігімізге айналды.
Ассамблеяның ХХ сессиясындағы сөзінде ел Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев – «Қазақстандық жол жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық жетістіктің жемісті үлгісіне айналды. Бұл қазақстандықтардың еңбегі мен тұтастығының нәтижесі» деп көрсетті. Сондықтан да біздің бірлігіміз бен келісіміміз Қазақстан халқының баға жетпес қазынасы ретінде ұрпақтан ұрпаққа берілетін болады.
Тек қана татулық пен тұтастық арқылы ғана біз Қазақстанды кез келген ғаламат жоспарларды іске асыратын қуатты мемлекет ете аламыз. Тек қана бірлігі жарасқан халық қана ұлы белестерді бағындыра алады!
Қадірлі достар!
Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне орай шынайы құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, ырыс, ынтымақ, отбасыларыңызға бақыт, береке, қуаныш пен шаттық тілейміз!
Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы ** Астана, 2013 жыл
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?