В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
dok12369
dok12369
06.11.2021 16:49 •  Қазақ тiлi

Написать текст про Сатпаев на казахском языке (50-60 слов)

Ответ:
444m
444m
03.12.2021 08:40

Қаныш Сәтпаев.

Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик Қаныш Сәтпаев 1899 жылы 12 сәуірде Теңдік ауылынан 1 километр қашықтықтағы Айрық деген жерде дүниеге келді.

Шын есімі - Ғабдулғани.

2019 жылы атақты ғалымның туғанына 120 жыл жыл аталып өтті.

Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтап, 1911 жылы Павлодардағы 2 - сыныпты орыс - қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын да мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.

1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.

Қаныш Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол.

Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-басты тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған – Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазған.

Бұл кісі нағыз «жеті қырлы, бір сырлы» тұлға болған екен...

Қаныш Сәтпаев атында Қазақстан Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты, Сәтпаев қаласы, Сәтпаев ғаламшары, Сәтпаев университеті, Сәтпаевтың мұздығы, Қаратаудағы ваннадий кен орнынан табылған «Сәтпаевит» минералы, «Академик Сәтбаев» гладиолиус гүлі, еліміздің қалаларында Сәтпаев көшелері бар.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?