В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
AnnaDor
AnnaDor
13.10.2021 02:43 •  Қазақ тiлi

Тулкі мен тиын туралы әнгіме​

Ответ:
Dddgirl777
Dddgirl777
15.05.2021 09:57

Ерте, ерте ертеде, а алыс бір орманда адам тілінде сөйлейтін аңдардың сан мың түрі тату-тәтті өмір сүріпті. Күндердің күнінде сол орманды мекен етуші орманның ең айлакер аңы түлкімен, аңқау тиын кездейсоқ кездесіп қалыпты. Жөн сұрасып танысқан соң, талайды сан соқтырған арамза түлкінің көзі, күн сәулесінде мың құлпырған тиынның қырмызы құйрығына түсіпті.

Кеудесін қызғаныш оты өртеген қу түлкі тиынның құйрығын алдап алмақ болып, оның іші-бауырына кіріп алдай бастапты. Өтіріктің сын мың түрін айтып түлкі тиынмен құйрық алмасуға келісіпті. Тиынның қырмызы құйрығына қосымша бір қап алтында беруді уәде етіпті.

Екеуі бір келісімге келген соң, түлкі тиынға бір қап алтынды алып келу үшін ормандағы өз үйіне кетіпті, ал тиын болса түлкіні күтіп үлкен емен түбінде қалыпты. Қалтасында жарты күміс тенгесіде жоқ айлакер түлкі орманнан шыға ойлана бастапты. Қалай болғандада тиынға алтын алып баруы керек қой. Әрі ойлана, бері ойлана қу түлкі қолындағы қалтасына шыршада өсетін бүршіктерді толтыра теріп, қап аузын мықтап байлапты. Бүршіктерге толы қалтасын арқаға асынып кері қайтқан түлкі қапты тиынның алдына тастапты. Уәде бойынша екеуі құйрықтарын сол сәтте алмасыпты. Құрыққа еге болған қу түлкі сол сәтте көзден ғайып болыпты. Ал, аңқау тиын болса аузы мықтап байланған қапты аша алмай біраз уақыт әуреге түсіпті. Әрең дегенде қаптың аузын ашып қараса, алтын дегені қапқа толтырылған шырша бүршіктері екен.

Алданғаның кеш білген тиын зыр жүгіре айналадан түлкіні іздепті, бұл уақытта түлкі орманның басқа қуысына көшіп кетіпті.

Түлкінің қырмызыдай құлпырған құрығы әу басында солай тиындікі болған екен, ал тиын болса ұялғанынан шырша басына шығып кетіпті, сол күннен бүгінге дейін ол жерден түспейтін көрінеді. Сол күннен бастап тиын өзінің алтындарын іздеп, шырша бүршіктерін жинап, ұясына таси береді екен. Түлкі келіп қалар деген оймен, алыс-алыстарға көз тастап, әлі түлкіні күтіп жүрген көрінеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?