В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
Ксюшенька2017
Ксюшенька2017
26.11.2021 01:42 •  Қазақ тiлi

Бауыр әңгімесі туралы эссэ 50 сөз

Ответ:
EeVoNGuY
EeVoNGuY
10.04.2021 17:30

Марат Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесінің желісіне тағдырдың ауыртпалығымен кезінде бір-бірінен ажырап қалған, кейін қайта табысқан ағалы-інілі бауырлардың кездесу сәті арқау болған. Әңгіме Алматыда оқитын Манаптың бір кездері балалар үйіне тапсырылған інісі Қалиды іздеп келуімен басталады. Омскі шаһарында орын тепкен балалар үйіне бар құжатын көтеріп келген Манап інісімен кездесуге мүмкіндік алады. Бұдан он жыл бұрын балалар үйіне өз қолымен әкеп табыстаған, осы күнде он беске толған інісі Қалиды сағынған Манап ерекше бір сезіммен осы кезді аңсаған болатын. Кездескен сәттегі құшағын жая ұмтылған ағасына Қалидың салқын амандасуы, жат адамдай қарым-қатынасы Манаптың алып-ұшқан көңілін су сепкендей басып, осы кездесуде айтармын деген көңілге тоқып келген сөздері аузына түспей, бір сәт көңілін мұң басады. Ішкі ой арпалысы бұл жайдың себебін нақтылап бере алмай қиналып, кінәны кімге артарын білмей шарқ ұрады. Бірде бауырмалдықтан жұрдай бауырының суықтығын өзінен, бірде тұрмыстың ауыр тауқыметін арқалатқан тағдырынан, енді бірде сұм соғыстан келген зардаптан көреді. Ішкі ойы әлі де болса үміт үзбей, інісін ақтап аларлық себеп те іздеп кетеді. Інісіне сыналап айтқан сөздері далаға кетіп жатқандай: еске түсірген кейбір өмірдегі үзік суреттер де бауырын селт еткізбейді; сыйлық ретінде ала келген киімге де самарқау қараған інісінің шынымен өзін жат санап отырған күйін көріп, жаны ауырады. Көшеде кездескен, бір сәт қана әңгіме құрған адамдардай болып қоштасып кетіп бара жатқан інісінің артынан қарап тұрып, басын көтермей селесоқ отырып, оймен аңсап, сағынышын басқалы келген аға мең-зең күйде интернат қақпасынан шығып жүре береді. Шығармада Манаптың көңіл күйі, бауырмалдық сезімі көркем тілмен әсерлі бейнеленген. Әңгіме мұңды сипатқа ие болғанымен, шынайы өмір шындығын алға тартады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?