В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
Danyabaidak
Danyabaidak
25.12.2021 23:55 •  Қазақ тiлi

Шыңғыс Айтматовтың әкесі кімнің шәкірті болған?

Ответ:
turanaliev241202
turanaliev241202
21.02.2021 20:20

Шыңғыс Айтматовтың бүкіл шығармашы­лы­ғы мен өмірі бастан-аяқ қазақ хал­қымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәми­ла­дан» бастап, әлемге та­ны­мал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасыр­дан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты бар­лық шығар­маларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қыр­ғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді.

Жазушының өзі де қазақ ауылымен іргелес, қоныстас жерде туып-өскен. Әкесі Төреқұлды Тұрар Рыс­құлов қо­лы­нан жетектеп жүріп, Ташкент­ке оқуға түсірген. Кейін қырғыздың көр­некті қоғам қайраткері болған, 1938 жы­лы «халық жауы» ретінде атылып кет­кен Төреқұл Айтматов Т. Рысқұлов­тың тіке­лей тәрбиесін көрген шәкірті болған. Мұхтар Әуезовті өмір бойы пір тұтып өткен жазушы жазып жатқан жаңа шығармасын Жуалы топырағынан баста­мақ болған еді. Қазақстандағы БТА банк­тің құр­метті президенті болып та­ғайындалған. Жазу­шының кандида­турасын жақында түр­кітілді елдердің мәдениет министр­лерінің кеңесі (TÜRKSOY) түрік әлемі­нің атынан Нобель сыйлығына ұсынған-ды. және Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін TÜRKSOY тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты атанған.

2008 жыл Қырғызстанда Айтматов жылы болып жарияланғаны белгілі. Осы жылдың желтоқсан айының 12-де 80 жасқа толатын жазушының мерей­тойы халықтық мереке ретінде тойлан­бақ еді. Жоғарыда айтқан TÜRKSOY сыйлығы осы 80 жылдық мерейтойына орай тапсырылмақ еді. Тағдыр оны ке­мең­гер жазушыға тірі көруді жазбапты.

2008 жылы маусымның 10 күні «Адамзат­тың Айтматовы» атанған Айтматов 79 жасын­да Алмания­ның Нүрнберг қаласын­дағы аурухана­да бүйрек ауруынан қайтыс болды. Жазушының мүрдесі маусымның 14 Бішкек 10 км маңындағы Чон-Таш (Шын-тас) ауылындағы «Ата-Бейіт» ме­мориалды-мұражай кешеніне қойы­л­ды. Сол күн Қырғызстанда ұлттық қайғылық деп жарияланды

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?