В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
dashavasileva5
dashavasileva5
22.07.2021 23:38 •  Қазақ тiлi

қосымша дереккөздерден Қозы Көрпеш Баян сұлу күні туралы ақпарат жинап , пікірталас өткізіледер . тақырып:"15 сәуір- Қозы Көрпеш-Баян сұлу күні"​

Ответ:
olesyasnegovsk
olesyasnegovsk
12.02.2021 06:00

"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні" - қазақша махаббат күні іспеттес тойланады. яғни, 15 сәуір күнің белсенді қазақ азаматтары тойлатып жүр. Бұл мерекені атап өтуді, негізі, бірінші боп республика көлемінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1999 жылы Дархан Мыңбай деген кісі ұсынып, жастар ұйымдарын, оқу орындарын, ақпарат құралдарын соған шақырған. Қоғам қайраткерінің бастамасы көптің көңілінен шыққаны рас, бірақ мерекенің нақты датасы көпке дейін белгіленбей, әр өңір әртүрлі тойлай бастады. Мәселен, Таразда 15 сәуір - Қозы Көрпеш - Баян Сұлу күні, Семейде 11 наурыз - Баян күні, тағы бір өңір 19 мамыр - Қозы күні аталсын деп жан-жаққа тартты. Батыстағы мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп Көкшетау қаласында сәуірдің 15 күні 2012 жылы тәуелсіздік аланында ерікті жастармен бірге Қозы Көрпеш-Баян сұлу мерекесі тойланды.

Қозы Көрпеш - Баян Сұлу эпосы - халқымыздың інжу-маржаны, асыл қазынасы. Бір-біріне қосыла алмаған қос ғашықтың қайғылы махаббатын жырлайды. Лиро-эпостық жыр XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасы тұсында қағазға түсірілді.

Қозы мен Баян эпосы Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындар арқылы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Бүгінде 20-ға жуық нұсқаның ішінен ең белгілісі – Жанақтың нұсқасы.

Махаббат жыры Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп, бел құда болуынан басталады. Екі әке серттесіп, Қозы мен Баянды қоспақ болады. Бірақ, аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай баласын көре алмай қаза болады. Уақыт өте, дүниеқоңыз Қарабай "қызымды жетім ұлға бермеймін" деп, бір кездері отарын жұттан құтқарған Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың қосылуын қаламаған Қодар айласын асырып, Қозыны өлтіреді. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян Сұлу өш алу үшін қулыққа басады. Ол Қодарға құдықтан су алып берсе, оған күйеуге шығатынын айтады. Қыздың сөзіне сенген Қодар оның бұрымынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, Баян бұрымын кесіп тастайды. Осылайша, Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап өледі. Содан кейін Баян ғашығы жатқан күмбезге келіп, өз-өзіне қол жұмсайды.

Объяснение:

қате болса кешір

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?