В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
lizashevchuk664
lizashevchuk664
20.10.2020 09:40 •  Қазақ тiлi

Үй тапсырмасын көмектесіңізші

Ответ:
mbilalov
mbilalov
03.03.2021 16:33

Зат есімнің түрленуі

Зат есім – заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы. Зат есімдер мағынасына қарай екіге бөлінеді: жалпы есімдер және жалқы есімдер.

Біркелкі заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін сөздер жалпы есімдер деп аталады. Мысалы, тау, құс, адам, өсімдік т.б. Жалпы есімдер кіші әріппен беріледі. Біркелкі заттарды, құбылыстарды жекелей атайтын, арнайы берілген есімдер мен атаулар жалқы есімдер деп аталады. Мысалы, Алатау, Ақерке, Жетісу, «Бала би» т.б.

Жалқы есімдер: кісі аттары (Асқар, Ағыбай); үй хайуандары аттары (Тайбурыл, Таймас); өндіріс, мекеме, ұйым аттары («Жас ұлан», «Қайрат»); газет, журнал, фильм, кітап, шығармалардың аттары («Өркен», «Менің атым Қожа»); географиялық атаулар (Алатау, Іле, Ертіс); қала, көше, алаң аттары (Теміртау, Абай даңғылы).

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау.Зат есім көптеледі, тәуелденеді және септеледі, ал тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеледі.

Зат есімді түрлендіретін тұлғалар оның жалғаулары болып табылады.

Көптік жалғау

Көптік жалғау алты түрлі: - лар, - лер, - дар, - дер, - тар, - тер. Зат есімге жалғанып, заттың көптігін білдіреді. Мысалы: оқушы - лар, үй - лер, қыз - дар, мектеп – тер.

Тәуелдік жалғау

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Мысалы: менің қиялым, сенің арманың, оның суреті.

Септік жалғау

Сөйлемдегі сөздерді бірі-бірімен жалғастырып, септестіріп тұрған қосымшаларды септік жалғаулары дейміз. Төстік Көлтауысарға Саққұлақтың айтқанын жеткізді.

Жіктік жалғауы

Тек адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеледі. Мысалы: Мен оқушы - мын. Сіз оқушы - сыз. Сен бала – сың. Ол бала.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?