В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
Chernaya4
Chernaya4
26.11.2020 18:11 •  Информатика

BПPфункциясынын манызы не де​

Ответ:
AriPanowa2005
AriPanowa2005
19.01.2021 13:33

Пернетақта пернелері атқаратын қызметіне қатысты келесідей топтарға бөлінеді:

• Енгізу пернелері(алфабиттік-цифрлық) - мұнда қарапайым баспа машинасында болатын пернелер жинақталады, яғни әріптік, сандық және символдық пернелер.

• Басқару пернелері – бұл пернелер жеке түрінде немесе басқа пернелермен бірге басыла отырып нақты әрекеттерді орындайды. Көбінесе CTRL, ALT, Windows белгісі бар перне и ESC қолданылады..

• Функционалдық пернелер – арнайы тапсырмаларды орындау үшін қолданылады. Олар F1, F2, F3 және ары қарай F12 дейінгі пернелер тізбегінен тұрады. Түрлі бағдарламаларға қатысты бұл пернелердің қызметтері әр түрлі болып келеді.

• Орын ауыстыру пернелері - бұл пернелер құжаттарда, веб-беттерде және тексті түзетуде орын ауыстыру үшін қолданылады. Оларға бағыттауыш пернелер,сондай-ақ, HOME, END, PAGE UP, PAGE DOWN, DELETE және INSERT пернелері жатады.

• Сандық пернетақта – бұл пернетақта сандарды тез енгізу үшін өте ыңғайлы. Ондағы пернелер қарапайым калькулятор немесе есептеу машинасына сәйкес топталып жинақталған.

Енгізу пернелері

Деректерді енгізу пернелеріне негізгі алфабиттік-цифрлық және символдық пернелер еніп, сондай-ақ төмендегідей пернелерді қамтиды:

SHIFT - Бас әріптерді енгізу үшін қолданылады

CAPS LOCK - Бір рет басу арқылы бас әріптерді енгізу режиміне көшеміз, ал екінші рет басқан кезде ол қасиеті өшіріледі. Бұл перненің қосып/өшірілуі пернетақтада түстік индикатормен көрсетілуі мүмкін.

TAB - Курсорды бірнеше бос орынға(абзац) жылжыту үшін қолданылады.

ENTER - Жаңа жолға өту үшін қолданады.Сұқбаттық терезелерде белгіленген батырманы таңдау үшін қолданылады.

БОС ОРЫН - Курсорды бір бос орынға жылжыту үшін қолданады..

BACKSPACE - Курсордың алдындағы символды немесе белгіленген тексті өшіру үшін қолданады.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Информатика
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?