В
Все
У
Українська література
Г
Геометрия
Д
Другие предметы
Э
Экономика
Г
География
О
ОБЖ
М
Математика
М
МХК
Х
Химия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
У
Українська мова
О
Обществознание
Ф
Физика
А
Английский язык
А
Алгебра
И
История
Б
Беларуская мова
Б
Биология
М
Музыка
П
Право
И
Информатика
П
Психология
В
Видео-ответы
Н
Немецкий язык
Ф
Французский язык
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
Rita1007
Rita1007
27.02.2022 09:27 •  Другие предметы

Бүгінгі күн-ертеңгі тарих
эссе​

Ответ:
Анечка12311
Анечка12311
17.12.2020 11:50

Қазақстанның тарихы өте тереңде жатыр.

Өз еліңнің, туған жеріңнің тарихын білмесең, ешқашан болашаққа, келешекке қадам баса алмайсың.

Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір. Туған жерді сүю, оны қорғау туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев қарапайым сөзбен түсіндірді: «Отанды қорғау дегенде, әрине, а өзінің шаңырағын ойлайды. Әкеңді, шешеңді, ба­уыр­ларыңды, балаларыңды, немереле­ріңді ойлайсың. Сол жү­рек­пен, сол тілекпен Отаныңды қорғайсын. Сондықтан тарихыңды білген жөн. Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр».

Мемлекет басшысы «Нұр­лы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында да Отанды сүю, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадір­леу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесімізді қосып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау жайлы ой қозғайды. Соның бір айғағы ретінде Қазақ хандығының құрылғанына – 550 жыл толу мерейтойын кең көлемде атап өту шарасын айтуға болады. Сонау көне тарихты зерттеп, зерделеп, оны халыққа жеткізуде бұл шараның маңызы зор. Елбасы айтқандай, өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін алды. Егемендік жылдарында Елбасымыздың дана басшылығымен ғасырға бергісіз даму жолынан өтті. Қазақстан әлем таныған, дүние жүзінің ең беделді мемлекеттері санасатын қуатты елге айналды. Елбасы айтқандай, қазақтың мәң­гілік ғұмыры – ұрпақтың мәң­гілік болашағын баянды етуге арналды. Ендігі ұрпақ мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елі­нің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел. Осы идеяны жү­зеге асыру жолында аянбай еңбек ету – әрбір жастың азаматтық борышы. Иә, атамеке­ніне деген сүйіспеншілік алауы мен перзенттік сезімі нағыз батырды қан майданға, жер қор­ғауға аттандырар болса, нағыз ақынды жырлататын да – осы күш. Қай халықта болмасын, өзінің кіндік қаны тамып, туып-өскен еліне, жеріне деген ыстық ықыласын, терең сезім­дерін өлеңге қосып, өз өлкесі­нің тау-тасын, дархан даласын, аққулы көлін жырламаған ақын кемде-кем.

Тарихымызды ұмытпайық қадірлі де, асқақты жастар. Осы күнде ауа жұтып күліп-ойнап жүргеніміз ардақты ардагерлерімізді арқасы.

Ардагерлерімізді тек «Жеңіс күнінде» ғана есімізге алмай, Алла берген әрбір күнінде сыйлап, құрметтейік. Жылдан-жылға ардагерлеріміздің саны азайып бара жатыр. Қалған ардагерлердің уақыттары да таяп келеді. Кейін өкініп қалмайтындай бүгіннен бастап, дәл қазір сүйікті ата-апаларымызды, ардагер аталарымызды құшақтап сүйіп, жақсы көретінімізді айтып, қастерлейік.

Адам өз тарихын билмей, ұлт болып калыптаса алмайды, ал тарихын билмеу надандық!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Другие предметы
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?